01.02.2023, 14:16 26986

ҰҚК ірі есірткі тобының қызметін тоқтатты

ҰҚК ірі есірткі тобының қызметін тоқтатты
Сурет: gov.kz
103 келі есірткі тәркіленді

Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

"Мефедрон" және "альфа-PVP" әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе бет кездесусіз алынып отырған. Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды", - деп хабарлайды ҰҚК.


gov.kz

Тінту барысында заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі алынды.

Өлімге әкелетін "тауарды" Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында тарату көзделген.

gov.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ЎЌК

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны