29.03.2023, 09:13 44526

ҰҚК ірі есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді

Онда психотроптық заттар өндірілді, 200 кг есірткі тәркіленді
ҰҚК ірі есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді
Сурет: gov.kz
Түркістан. 29 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотроптық заттар өндіретін ірі есірткі лабораториясын жойды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Заңсыз айналымнан синтетикалық есірткінің рекордтық партиясы - 200 келі дайын өнім мен 15 тонна прекурсорлар және зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді", - деп хабарлады ҰҚК.


gov.kz

Зерделеу барысында жедел қызметкерлердің назарына Қазақстанға тыйым салынған заттардың ауқымды өндірісін ұйымдастыру және оны әрі қарай ТМД елдерінде іске асыру мақсатында келген шетелдік азамат ілікті.

gov.kz

Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында Түркістан облысындағы жасырын өндіріс базасы анықталды. Есірткі зертханасы заманауи құралдармен жабдықталып, 0.4 гектар аумақта орналасқан және қоршау бойымен бейне бақылау камералары мен қозғалыс сенсорлары қойылғанын атап өту қажет. Қаскүнем құпиялық шараларын қатаң сақтап келген. Ұйымдастырушы "альфа-PVP" психотроптық затын әзірлеу сәтінде, яғни қолма-қол қылмыс үстінде ұсталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.


gov.kz

Аталған факт бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу материалын тіркеді. Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны