19.05.2021, 23:56 17703

Көкшетауда қару мен ҚЖҚ өндіру жөніндегі жасырын цех жойылды

КӨКШЕТАУ. 19 МАМЫР - 2021 жылғы 15 сәуірде Көкшетау қаласында ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды заңсыз жасауға және оларды өткізуге қатысы бар қылмыстық топты жойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Топтың үш қатысушысы қару мен ҚЖҚ-ның кезекті партиясын сату кезінде ұсталды, деп толықтырды ҰҚК баспасөз қызметінде.
 
Жасырын цех ұсталғандардың бірінің жеке үйінде болған.
 
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 7 жауынгерлік пистолет, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 патрон, сондай-ақ қару-жарақты модификациялау мен жасауға арналған құралдар алынды. Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.
 
Қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл ҚР арнаулы және құқық қорғау органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады, деп атап өтті ведомствода.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны