13.10.2021, 16:15 36106

Көкшетауда көпқабатты үйде газ жарылды, зардап шеккендер бар

КӨКШЕТАУ. 13 ҚАЗАН - Көкшетауда бес қабатты тұрғын үйде газ қоспасы жарылды. Салдарынан екі адам зардап шекті.
 
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай қазанның 12-де кешкі сағат 19:05-те Көктем "5" мекен-жайы бойынша орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатындағы пәтерде болған.
 

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 22 қызметкер мен 6 арнайы техника, жедел жәрдем қызметі бригадасының 12 қызметкері мен 4 техникасы, полиция басқармасының 16 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды", - деді ведомстводан.

 
Ведомствоның баспасөз қызметінен атап өткендей, жарылыс салдарынан пәтерлер арасындағы гипсокартоннан жасалған пәтераралық қабырға мен балкон қираған.
 

Өрт сөндіру қызметкерлері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3 адамды (оның екеуі бала) эвакуациялады. Оқиға орнында медициналық көмекке 2 адам жүгінді. Оның бірі жарылыс болған пәтердің тұрғыны 1970 жылы туған әйел адамның аяғын 20 пайыз күйік шалса, тағы бір 1994 жылғы тұрғын зардап шекті. Екеуінің де жағдайлары қанағаттанарлық. Оқиға орнында ТЖД күшімен мобильді жылыту пункті ұйымдастырылып, аталмыш үй тұрғындарына психологиялық көмек көрсетілді, сондай-ақ (52-09-50) нөмірі бойынша жедел желі ұйымдастырылды", - деп толықтырды ведомстводан. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны