07.06.2022, 13:54 18071

Кәрім Мәсімовтің қамауға алу мерзімі ұзартылды

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қамауда ұстау мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды.
Кәрім Мәсімовтің қамауға алу мерзімі ұзартылды
Сурет: www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. 7 МАУСЫМ - ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қамауда ұстау мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, "А" арнайы мақсаттағы қызметінің басшысы Әнуар Садықұловтың да қамаудағы мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды. ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауда ұстау мерзімі 13 шілдеге дейін ұзартылды.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, іс Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр. Олардың қатарында пара алу, билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасау бар.
 
ҰҚК экс-басшысына қатысты қылмыстық іске "өте құпия" деген белгі берілді.
 
8 қаңтарда комитеттің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Кейін ҰҚК іс бойынша билікті күшпен басып алуға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша тергеу басталғанын нақтылады. Мәсімовпен қатар ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары: "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен төрағаның орынбасары Дәулет Ерғожин де ұсталып, іс бойынша өтуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны