27.03.2023, 09:22 20511

ҰҚК қызметкерлері 100 келіден астам героин тәркіледі

Алматыда 100 келіден астам героин тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды
ҰҚК қызметкерлері 100 келіден астам героин тәркіледі
Сурет: gov.kz
Алматы. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.


ҰҚК жедел қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізді. Кезең кезеңімен есірткіні тасымалдаудың жолдары мен айламен әкелу схемалары анықталды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.


Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізуді ұйымдастырушының өзі болып табылатын шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды.

Жедел қызметкерлердің және "А" арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды. Материал сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде. Халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда", - деп атап өтті ҰҚК.


Бұған дейін шетелдіктің Қазақстанға бес келіден астам героин өткізбек болғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны