13.03.2023, 11:45 31771

ҰҚК Жамбыл облысында қару пен жалған валюта жеткізу арнасын жойды

Заңсыз айналымнан 4 бірлік қару: "Калашников" автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450 астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары алынды
ҰҚК Жамбыл облысында қару пен жалған валюта жеткізу арнасын жойды
Сурет: gov.kz
Тараз. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Жамбыл облысының аумағында қарудың және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізілді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық қару мен жалған АҚШ долларын сатудың жасырын арнасы жұмысын жолға қойған қылмыстық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды. Операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, атқыш қару, оқ-дәрі, сонымен қатар жалған америкалық банкноттарды әкелудің тұрақты қылмыстық жүйесі анықталды және құжаттанды", - деді қауіпсіздік қызметкерлері.


gov.kz

Қылмыскерлер жасырыну шараларын қатаң сақтап, заманауи техникалық байланыс құралдарын қолдануы олардың әрекетін әшкерелеуде қиындық тудырған.

Заңсыз айналымнан 4 бірлік қару: "Калашников" автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450 астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары алынды", - деп нақтылады ҰҚК.


gov.kz

Ұсталған адам қылмысын мойындады және ҚР ҚПК 128-бабы негізінде сот рұқсатымен 2 айға тергеу изоляторына қамалды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Еске салайық, Маңғыстау облысында төрт есірткі контрабандасы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны