16.05.2022, 17:13 18746

Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАМЫР - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
 

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды",- деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

 
Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.
 

Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", - делінген хабарламада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны