09.01.2023, 12:06 32751

ҚМА рейдерлікке күдікті ҰҚТ-ның алты мүшесінің қайда болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат үшін сыйақы беруге уәде береді

Рейдерлік шабуылдар бойынша сотқа дейінгі тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жалғасуда
Астана. 9 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесіне іздеу жарияланғанын хабарлайды.

Елдос пен Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов тергеуден жасырынып жүр. Еске сала кетейік, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы күш қолдану және қорқыту арқылы алматылық кәсіпкерлердің мүлкін, серіктестіктердегі үлестерін тартып алып, көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысқан", - делінген ведомствоның хабарламасында.


Рейдерлік шабуылдар бойынша сотқа дейінгі тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жалғасуда.

Іздеудегі адамдардың қайда болуы мүмкін екендігі туралы ақпараты бар адамдарды ҚМА сенім телефонына хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56. Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған", - деп қосты ҚМА.


Еске салайық, сотқа дейінгі тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынды. Ұйымдастырушы Қоспаев Елдос, сондай-ақ оның сенімді өкілдері Ерлан Имашев пен Руслан Шалин іздеуге жарияланды. Оларға қатысты сот сырттай бұлтартпау шарасын - қамауға алуды санкциялады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны