27.04.2022, 17:00 14696

Мамандар Маңғыстау облысында итбалықтардың қырылуы себебін анықтап жатыр

Мамандар Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кен орнының су бөгеті маңындағы итбалықтар қырылған жерден су мен топырақ сынамасын алды.
Мамандар Маңғыстау облысында итбалықтардың қырылуы себебін анықтап жатыр
Сурет: жергілікті тұрғынның, Lada.kz сайтынан алынды
АҚТАУ. 27 СӘУІР - Мамандар Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кен орнының су бөгеті маңындағы итбалықтар қырылған жерден су мен топырақ сынамасын алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2022 жылы 26 сәуірде әлеуметтік желілердегі ақпаратқа мониторинг жүргізу барысында, Каспий теңізінің жағалауында "Қаражанбас" кен орнының су бөгеті маңында өлі итбалықтардың 50-ге жуық ұшасы табылғаны туралы ақпарат анықталды.
 
ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары жедел жолданды. Осы мақсатта облыстық құқық қорғау, табиғат қорғау органдарына, прокуратура, ветеринария, жергілікті атқарушы органға, экология және төтенше жағдайлар департаментіне жедел хабарланды.
 

2022 жылы 26 сәуір сағат 23:00-ге дейін келіп түскен ақпаратқа сәйкес, теңіз жағалауының әрбір жерінде жатқан 22 өлі итбалық табылды. Итбалықтардың өлу себептерін анықтау үшін жануарлардың ұшаларын зертханалық тексеруге алу мүмкіндігін инспекция қызметкерлерімен қарастырылуда, өйткені олардың денелері ыдырау күйінде", - деп хабарлады комитетте.

 
Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық Балық инспекциясы басқармасының инспекторлары балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметімен бірлесіп, Каспий теңізінің жағалау аймағы мен басқа да учаскелерге бақылау жасауда. 
 

Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін балық қорғау инспекторлары бірнеше итбалықты, теңіз суы мен топырақтан сынама алды. Олар Экология департаменті мен ветеринарлық қызметіне тапсырылатын болады. 2022 жылғы 27 сәуірде аталған органдар қызметкерлері оқиға орнына шығуды жоспарлауда", - деп атап өтті ведомствода.

 
Сонымен қатар, аталған факті туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Микробиология және вирусология институты" зертханасының қызметкерлеріне, сондай-ақ "Гидробиология және экология институты" Батыс Қазақстан мекемесінің қызметкерлеріне хабардар етілді. 
 

Жағалауды бақылау жұмыстары жалғасуда. Жаңартылған ақпарат қосымша жарияланатын болады", - деп қорытындылады баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны