14.03.2022, 18:04 39156

Миллиардтық ұрлық жасады деп айыпталған Назарбаевтың жиені Дубайға ұшпақ болған

Миллиардтық ұрлық жасады деп айыпталған Назарбаевтың жиені Дубайға ұшпақ болған
Сурет: inbusiness.kz
НҰР-СҰЛТАН. 14 НАУРЫЗ - Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Қайрат Сатыбалдының ұсталуына қатысты түсініктеме берді.
 
Бектеновтің айтуынша, Сатыбалдыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Алматы облысының аумағында ұстаған.
 

Біздің ақпарат бойынша ол Дубайға ұшып кетпек болған. Қазір уақытша тергеу изоляторында отыр. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ", - деді Бектенов үкімет кулуарында.

 
Айтуынша, Сатыбалдыға қатысты "Қазақтелеком" АҚ қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
 
Сондай-ақ Бектенов қазір Алматы мен астанада "Қазақтелеком" кеңселерінде тінту жүріп жатқанын атап өтті.
 
Ал "Қазақтелеком" басшысы Қуанышбек Есекеевтен куәгер ретінде жауап алынған. Ол қазір өзінің жұмыс орнында.
 
Еске сала кетейік, кеше Қайрат Сатыбалдыұлы "Қазақтелеком" АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлады деген күдікпен ұсталған болатын.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны