11.05.2022, 17:33 16526

Нөсерден кейін Алматы көшелерін су басты

АЛМАТЫ. 11 МАМЫР - Алматыда толассыз жауған жауыннан көшелер мен бірнеше ауланы су басты.
 
 "Қазгидромет" мәліметінше, 11 мамырда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан секундына 15-18 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы күндіз - 20-22 градус болады.
 
Синоптиктер 11 мамырдан 12 мамырға қараған түні нөсер жаңбыр, найзағай, екпінді жел секундына 20 метрге дейін жетеді деп хабарлап, дауылды ескерту жариялады.
 

Болжам бойынша, жаңбыр ертең таңертеңге дейін жалғасады. Бүгін, яғни 12 мамырға қараған түнге қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды", - деді "Қазгидромет" РМК Алматы бойынша филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Қисебаев.

 
Алматыда толассыз жауған жаңбырдан көшелер мен жекелеген аумақтарды су басты. Куәгерлердің айтуынша, Абай даңғылында қатты су тасқыны болған.
 
Алматы әкімдігі су тасқынының салдарын жою үшін мердігерлер кезекшілікке кіріскенін хабарлады. Көшелерден су өткізу және сору үшін жалпы саны 609 адам, 252 арнайы техника және 24 мотопомпа бар мобильді бригада жұмылдырылған. 
 
Сондай-ақ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті сағат 15:00-дегі жағдай бойынша "112" желісі мен "109" құтқару қызметіне Райымбек даңғылы 234 бойындағы аулаларды, Әйтиев көшесі, 8 үйдің ауласы мен жертөлелерін су басып жатқаны туралы хабарлама түскенін атап өтті. Оқиға орнына қажет қызметтер жіберілді.
 
 "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының метеорологиялық болжамдар департаменті 13-14 мамырда да жаңбыр жауып, найзағай күтілетінін, 14 мамырда бұршақ пен қатты жаңбыр жаууы мүмкін екенін атап өтті.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны