21.02.2022, 17:36 26451

Қордайдағы тәртіпсіздіктер кезінде төрт адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

Қордайдағы тәртіпсіздіктер кезінде төрт адамды өлтірді деген күдікті ұсталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 21 АҚПАН - Алматы облысында 4 адамды мылтықпен атып өлтірді деген күдікті ұсталды.

Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Оқиға 2020 жылдың 7-ақпанында Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылында болған. Бір топ адам аңшы мылтығымен төрт адамды өлтірген. Қару тәркіленді", - деп мәлімдеді онлайн-брифингте Ішкі істер министрлігінің Басқарма басшысының орынбасары Дәурен Қозыбақов. 


Оның сөзінше, тағы бір адам өлтіруге қатысты деген күдікпен Тараз қаласында ұсталған. Сонымен қатар, Д.Қозыбақов Алматы және Алматы облысындағы 6 тұрғынның қолға түскенін жеткізді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар жаппай тәртіпсіздікке қатысып, арматура беріп, әскери қызметкеркерге қарсылық көрсеткен. 

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысты. Ауқатты және Бұлан Батыр ауылдарында да қақтығыстар болды. Бұзақылар металл заттар, тас, атыс қаруын қолданды.

Ақпарат көзі: ktk.kz


 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны