15.09.2022, 15:17 17031

Қостанай облысындағы өрттер: орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды

Тергеу жалғасуда, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қостанай облысындағы өрттер: орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды
ҚОСТАНАЙ. 15 ҚЫРКҮЙЕК - Қостанай облысының прокуратурасымен а.ж. 13 қыркүйегінде "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы), деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сол күні мекеме басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

А.ж. 15 қыркүйегінде сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді", - деді Қостанай облысының прокуратурасында.

 
Тергеу жалғасуда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйекте Қостанай облысында 8 күнге созылған орман өрті жойылды.
 
Өрт 2 қыркүйекте сағат 15.10-да Әулиекөл ауданының Басаманское және Семиозерное орман шаруашылығы басқармаларының аумақтарында басталды, деп хабарлайды "Алау". Өрт шыққан сәттен бастап жалпы ауданы 43 мың га құрайды. Екі елді мекенде 91 тұрғын үй өртеніп, бүлінген. Өрт кезінде 12 адам дене жарақатын алған, күйік шалған, жеңіл және орташа дәрежедегі уланған.
 
137 жануар мен 130 құстың өлгені белгілі.
 
Экологтар Қостанай облысының экожүйесін қалпына келтіруге 70-тен 150 жылға дейін уақыт кетеді деп санайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны