20.12.2022, 17:46 25721

Қостанай жылу энергетикалық компаниясының басшысы 4 жылға сотталды

Қостанай жылу энергетикалық компаниясының басшысы 4 жылға сотталды
Сурет: Depositphotos
Оның әрекеті нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 15 млн теңгені құрады

Қостанай. 20 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - А.ж. 13 желтоқсанында Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" КМК директоры Асқар Бекпағанбетов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
 

Осы үкіммен "Теплоэнергомонтажстрой" ЖШС кәсіпорындарының басшылары Рүстем Зиннатуллин мен "АлатауСтрой-2009" ЖШС Төлеген Тұрлұғұлов мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады ведомствода.

 
Оның ақпараты бойынша, "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" КМК директоры А. Бекпағанбетов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, газмазут жанарғыларын жеткізуге "КосДинКом" ЖШС-мен бұрын жасалған шартты заңсыз бұзып, "Теплоэнергомонтажстрой" ЖШС және "Алатаустрой-2009" ЖШС-мен оның бақылауындағы компаниялармен жабдықтарды Қостанай ЖЭО-на жоғары бағамен жеткізуге және монтаждауға басқа шарт жасасып, мемлекетке 15 млн теңге көлемінде залал келтірді.
 
Үкім заңды күшіне енді.
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қостанайда жылу желісінің жарылысына байланысты 30 тұрғын үй жылусыз қалды.
 
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында Қазақстандағы жылу электр орталықтарының орташа жасы 60 жастан асқанын, ал ЖЭО жабдықтарының орташа тозуы 66% құрайтынын мәлімдеді. Ведомство басшысы ЖЭО-ны жылына 4 рет тексеруді, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындардың басшылары үшін айыппұлдарды ұлғайтуды ұсынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны