19.04.2021, 20:16 17902

Павлодар облысы "Ертіс орманы" резерватындағы өрт мың гектардан асты

Ішкі жану мен қатты желге байланысты от үш бағытта таралды. Екі бағыт бойынша қарауылдау, үшінші бағытта сөндіру жұмыстары жүргізілді.
ПАВЛОДАР. 19 СӘУІР - Павлодар облысы "Ертіс орманы" резерватындағы өрт ауыздықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

19 сәуір 8 сағат 30 минутта Павлодар облысы "Ертіс орманы" резерватындағы өрт ауыздықталды. Ішкі жану мен қатты желге байланысты от үш бағытта таралды. Екі бағыт бойынша қарауылдау, үшінші бағытта сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрттің ауданы шамамен 1000 га құрады. Оның ішінде орманды алқап 300 га құрайды", - деп мәлімдеді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

 
Оның айтуынша, өртті сөндіруге 50 бірлік техника және 206 адам жұмылдырылды. Оның ішінде 112 дана аспалы бүркігіштер және шартылдақ аспаптар (хлопушка) қолданылды.
 
Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуірде 13 сағат 34 минутта Павлодар облысы ТЖД Дағдарыс жағдайындағы басқармасына табиғи өрттің пайда болуы, атап айтқанда Шарбақты ауданы Галкин ауылдық округі дала орманшылығының орман аумағында № 149,70 кварталдарда құрғақ шөп пен ағаштың жанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл аумақ Шарбақты ауылының № 7 өрт сөндіру бөлімінен 60 шақырымда орналасқан.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны