15.06.2021, 17:33 21077

Петропавл қаласының бес тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. 15 МАУСЫМ - Петропавл қаласының бес тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

17 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен Петропавл қаласының 17-20 жас аралығындағы бес тұрғыны ұсталды. Сот сараптамалары тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

 
Полиция мәлімдегендей, арыз жәбірленушінің анасынан түскен. Аталған факті ҚР ҚК 120-бабының 3-1-бөлігі (Зорлау) және 121-бабының 3-1-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
 
Ұсталғандардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы екеуіне қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселе тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижелері бойынша шешіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны