06.12.2022, 12:00 19011

Полиция Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының өлімінің мән-жайын анықтады

Екібастұз жылу электр орталығы учаскесінің бастығы жұбайымен жанжалдан кейін қайтыс болған
Полиция Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының өлімінің мән-жайын анықтады
Сурет: Polisia.kz
Екібастұз. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Полицияның мәліметінше, Екібастұз жылу электр орталығы учаскесінің бастығы жұбайымен жанжалдан кейін қайтыс болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жағдайлар отбасылық жанжалдың салдарынан болған және марқұмның қызметімен байланысты емес. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.


Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Екібастұз қаласының ПБ-да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, полицияның ішкі құжатын тарату фактісі бойынша Павлодар облысының полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізіп жатқаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, 4 желтоқсанда автомобиль салонында Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны