09.03.2023, 13:17 30976

Прокурор: Гүлмира Сатыбалды шекарадан өтпек болған

Прокурордың айтуынша, сотталушыны қамауда ұстауға негіз бар
Прокурор: Гүлмира Сатыбалды шекарадан өтпек болған
Сурет: pixabay.com
Астана. 9 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша алдын-ала тыңдау жүріп жатыр.
 
Процесс барысында адвокаттары Г.Сатыбалдыға қатысты бұлтартпау шарасын үй қамаққа өзгерту және қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдірді. Дегенмен прокурор Альмира Қожахметова айыпталушыға қатысты қабылданған шешімді өзгеріссіз қалдыру орынды деп ұсыныс айтты.
 

Бұлтартпау шарасы тек нақты себеп болған кезде өзгертіледі. Қазіргі уақытта оған негіз жоқ. Өйткені, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында айыпталушы Гүлмира Сатыбалдының шекара асып кетуге тырысқаны туралы фактілер анықталды. Сондықтан бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалады деп санаймын", - деді прокурор Альмира Қожахметова.

 
Еске салайық, Г.Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергелген еді. Жәбірленушіге келген залал сомасы - 6,6 млрд теңгеден асады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны