30.03.2022, 17:35 9981

ҚР ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды

ҚР ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды
Сурет: ҚР ҰҚК
НҰР-СҰЛТАН. 30 НАУРЫЗ - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі арнасын жойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылғы 18 наурызда Шымкент қ. ҰҚК департаментінің қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен "С" деген азаматты ұстады. Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 10 килограмнан артық жоғары сапалы ауған гашиші алынды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

 
Алынған есірткінің "қара нарықтағы" алдын ала құны 50 млн. теңгеден асады.
 
Сотқа дейінгі тергеу материалы ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.
 
Бұған дейін ҰҚК заңсыз айналымнан 47 қару тәркілегені хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны