27.08.2021, 19:00 11288

ҚР Қорғаныс министрі Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы төтенше жағдайдың ықтимал себептерін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН. 27 ТАМЫЗ - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев брифинг барысында Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы төтенше жағдайдың ықтимал себептерін атап өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Оқиға себептерін анықтаумен құрылған жедел-тергеу тобы айналысуда. Алдын ала болжамдар бойынша себептер әртүрлі болуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, өздігінен жану, химиялық реакция. Сондай-ақ қасақана өртеу немесе диверсия сияқты болжамдар да қарастырылуда", - деп атап өтті ведомство басшысы.

 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Өрт тез арада инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймаларға таралды. Өртті оқшаулау мүмкін болмай ол басқа қоймаларға таралды. Өрт шығып, 10-нан астам инженерлік оқ-дәрілер жарылды.
 
Жамбыл облысында ТЖ салдарын жою кезінде 4 әскери қызметші қаза тапты, жоғалғандар бар. Оқиға орнында іздеу жұмыстары жалғасуда. 27-тамыз 08.00 сағаттағы жағдай бойынша 28 адам ауруханада ем қабылдаса, оның ішінде 6 адам ауыр халде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны