22.02.2022, 18:21 26896

ҚР Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Бектанов қамауға алынды

Нұр-Сұлтан соты Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды
ҚР Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Бектанов қамауға алынды
НҰР-СҰЛТАН. 22 АҚПАН - Нұр-Сұлтан соты Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды.

2022 жылдың 22 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұрат Бектановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген сот хабарламасында. 


Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтыны айтылды.

Бұған дейін бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Президент 19 қаңтарда Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмаған.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны