06.02.2023, 15:12 17611

Рудныйда ТЖ режимі жарияланды

Рудныйда ТЖ режимі жарияланды
Сурет: alau.kz
Оның себебі – жылу, су, кәріз желілеріндегі тозу дәрежесінің жоғары болуынан жиі болатын апаттар мен үзілістер

Рудный. 6 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Рудныйда сумен жабдықтау және кәріз желілеріндегі мәселелерді шешуге қосымша күш пен қаржы тарту мақсатында төтенше жағдай жарияланды.

Рудный қаласының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанына қарамастан, қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. Оған себеп - желілердегі апаттар мен іркілістің жиі орын алуы, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жағдай тұрақты. Алайда жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің кейбір учаскелерінде тозудың жоғары деңгейіне байланысты апаттар мен жарылу жағдайлары жиілеп кеткендіктен, қала әкімдігі судың қатып қалуының алдын алу мақсатында жылу беру маусымындағы желілерді, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою, қосымша күштер мен қаржылық қолдауды тарту арқылы жергілікті маңызы бар техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялады", - деп хабарлады әкімдік.


Естеріңізге сала кетейік, бүгін Рудный қаласының әкімі Қуандық Испергенов жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті. Қала әкімінің міндетін атқарушы болып Виктор Ионенко тағайындалды. Сонымен қатар, ол ТКШ мәселелері бойынша әкімнің орынбасары болады.

26 қаңтарда Рудныйда апат салдарынан 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға жылытудан ажыратылды. 20 қаңтарда ондаған көпқабатты үйлер, жеке үйлер мен ғимараттар жылу трассасындағы жарылыс салдарынан жылусыз қалды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны