24.04.2023, 12:41 38141

Үш айдың ішінде интернет-алаяқтар қазақстандықтарды 3 млрд теңгеге алдады

Жыл басынан бері 500-ден астам қазақстандық инвестицияларды тарту схемаларының құрбаны болды
Үш айдың ішінде интернет-алаяқтар қазақстандықтарды 3 млрд теңгеге алдады
Астана. 24 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Осы жылдың 3 айында республикада 4 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді. Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты.

Қоғамды цифрландырудың қаншалықты маңызды екенін бәріміз білеміз. Қазір онлайн-режимде мемлекеттік, сондай-ақ банктік және өзге де қызметтерді алуға болады. Өкінішке орай мұны қылмыскерлер, атап айтқанда алаяқтар да белсенді қолданады. Осы жылдың үш айында 4 мыңнан аса интернет-алаяқтық тіркелді. Алаяқтардың әрекеті салдарынан азаматтарға 3 млрд теңгеден астам шығын келді", - деді орталық бастығы министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.


Оның атап өтуінше, интернет-алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі - онлайн сауда.

Ол үшін белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнамалар орналастырылады.

Алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағасын көрсетіп, алдын ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды. Биыл осындай 2 мыңнан аса қылмыс тіркелді", - деді Жандос Сүйінбай.


Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны