17.03.2025, 17:05 876
Шідерті өзенінің деңгейі күрт көтерілді: жағдай ТЖМ бақылауында
Достарға айту
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында қардың қарқынды еруі нәтижесінде Шідерті өзенінің деңгейі күрт көтерілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ақсай-Жымпиты автожолының 27-ші шақырымында, Аралтөбе ауылының жанында су негізгі өткелді жөндеу кезінде салынған уақытша көпірдің айналасындағы топырақты шайып кетті.
Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің күшімен өзен деңгейі төмендегеннен кейін уақытша көпірді нығайту үшін инертті материалдары бар қаптар толтырылып жатыр.
Жергілікті тұрғындар жедел хабардар етілді, елді мекендерге қауіп жоқ.
Қазіргі уақытта Бөрлі ауданы Ақсай қаласы жағынан баламалы жол жүру жолдары бар.
Қалпына келтіру жұмыстары су деңгейі төмендегеннен кейін бірден басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.03.2025, 16:46 1106
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2025, 09:15 12346
Атырау облысындағы ұңғымада өрт шықты
Достарға айту
2025 жылдың 6 наурыз күні "Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) "Жылыоймұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва кен алаңының консервацияда тұрған N437 ұңғымасында перфорациядан кейін, сорапты-компрессорлық құбырды (СКҚ) түсіруде газ шығуы орын алды, бұл СКҚ істен шығуына әкеліп соқтырды, деп хабарлайды "Ембімұнайгаз" АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Зардап шегушілер жоқ.
ЕМГ жедел штабы шұғыл шаралар жүргізуде: ұңғыманың аумағы қоршалып, қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде.
Оқиға орнында "Ақ Берен" ЖШС, "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС", "СОП Атырау" ЖШС мобильді күзет жұмыс жасауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 19:23 28616
Хромтаудағы шахтадағы жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті
Достарға айту
Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты "Болашақ" шахтасының кен өндіру блогында ауа кеңістігінің қысқа мерзімді тұтануынан төрт қызметкерді әртүрлі дәрежедегі күйік шалды, деп хабарлайды Қазхромның баспасөз қызметінен.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Тексерістен кейін бір қызметкер үйіне қайтарылды. Екі қызметкер стационарлық емделуде, тағы бір адам жан сақтау бөлімінде жатыр.
Компания зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді. Барлық қызметкер жер бетіне шығарылды.
Инциденттің себептері анықталып, жою жұмыстары аяқталғанша шахтадағы кен өндіру жұмыстары тоқтатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 09:56 35456
Ақтөбеде мұзда қатып қалған жылқы құтқарылды
Достарға айту
Ақтөбеде мұзда қатып қалған жылқы құтқарылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Ақтөбе қаласының тұрғындары Елек өзенінің бойындағы кешкі серуендеу кезінде тек басы мұздың үстінде көрініп тұрған жылқыны байқады. Жанашыр куәгерлер құтқарушыларға 112 нөмірі бойынша хабарласты.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жолдың жоқтығына байланысты айтарлықтай қашықтықты жаяу жүріп өтіп, трос арқылы жануарды мұзға көтеруге тырысты, бірақ мұз оның салмағын көтере алмады.
Содан кейін кәсіби құтқарушылар биеге жағаға дейін жол ашуға шешім қабылдады. Үш сағаттық уақытты қажет еткен жұмыс ақталды - жануар құтқарылып, жақын маңдағы шаруашылықтың жылы қорасына орналастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 12:31 46531
ТЖМ құтқарушылары өрттен 15 газ баллонды алып шықты
Достарға айту
ТЖМ құтқарушылары өрттен 15 газ баллонды алып шықты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бүгін Тараз қаласындағы пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт оқиғасы орын алды. От 15 шаршы метр алаңды шарпыды .
Өрт сөндірушілер жедел түрде оқиға орнына жетіп, 100 литрлік 15 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, өрттің таралуына жол бермей, толығымен сөндірді.
Өрт салдарынан жану өнімдерімен уланған 1972 жылы туған ер адамға Апатттар медицина орталығының мамандары көмек көрсетті. Зардап шегуші ауруханаға жатудан бас тартты
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2025, 16:03 79756
Ұлытау өңіріндегі ТЖ орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысындағы ТЖ орнында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Комиссия құрамында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев бар.
Оқиға орнында ТЖ қызметі, ІІМ және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің шұғыл тергеу тобы, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Комиссия мүшелері оқиға орнында болып, тергеу барысымен танысты. Қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.
Әрі қарай Премьер-министрдің орынбасары Штаб отырысын өткізіп, қаза тапқандардың туыстарымен кездеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2025, 09:39 80026
"Жомарт" кенішіндегі шахта-проходкалау тресінде орын алған төтенше жағдай туралы хабарлайды
Достарға айту
17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жомарт" кенішінде тау жынысы опырылып түсті, деп хабарлайды компаниның баспасөз қызметінен.
Оқиға салдарынан жеті жұмысшы үйіндінің арғы жағында қалды. Кабельдердің үзілуіне байланысты қазіргі уақытта жұмысшылармен байланыс жоқ.
Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Оған ТЖД-ның 21 қызметкері мен 7 техника бірлігі жұмылдырылған, сондай-ақ "Серіктес" АҚҚ-ның 2 бөлімшесі құтқару жұмыстарына тартылған.
Құтқару операциясының барысы туралы қосымша ақпарат беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2025, 10:04 83676
ТЖМ құтқарушылары жоғалған жасөспірімдерді тапты
Достарға айту
ТЖМ құтқарушылары жоғалған жасөспірімдерді тапты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бүгін Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы шақырту орнына шықты. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті.
Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыстарын білдірді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.03.2025, 12:45Елімізде су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда 17.03.2025, 16:58 7721Қазақстанда тауарлық газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылау күшейтілді17.03.2025, 18:18 5771Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады17.03.2025, 18:20 5506Қазақ-өзбек қаламгерлері әдеби байланысты нығайту мәселесін талқылады17.03.2025, 18:27 5221Ақмола облысында биыл 17 мыңнан астам шетелдік тіркелді
14.03.2025, 18:07 90211Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертеді14.03.2025, 18:35 88991Үкіметте 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және халық ең тығыз қоныстанған өңірлердің инвестициялық өсімі қаралды14.03.2025, 21:38 88796Үкіметте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы талқыланды14.03.2025, 15:56 86656Талқылауды аяқтау керек - Тоқаев Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы ойын айтты14.03.2025, 17:27 86626Тоқаев Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру қажеттігін мәлімдеді
17.02.2025, 14:04 170086Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 168586Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады17.02.2025, 14:14 166776Бас прокурор президентке қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды17.02.2025, 14:53 166056Алматыда полиция қызметкерлері азаптағаны үшін сотталды17.02.2025, 18:18 163156ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов алғашқы жиналыс өткізді