13.03.2023, 11:29 25281

"Шымкент" ӘКК әлеуметтік ұнды сату кезінде 68 млн теңгеден астам ақша ұрлады

Лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді
"Шымкент" ӘКК әлеуметтік ұнды сату кезінде 68 млн теңгеден астам ақша ұрлады
Сурет: Depositphotos
Шымкент. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна 1 сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері "Шымкент ӘКК" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес, келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құрады", - делінген ведомствоның хабарламасында.


Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының қорытындысы бойынша ұн бір жылда 40,2%-ға қымбаттады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны