04.07.2022, 17:09 16386

Әскери прокуратура 825 млн теңгенің мүлкін ұрлау фактілерін анықтады

Әскери прокуратура 825 млн теңгенің мүлкін ұрлау фактілерін анықтады
Сурет: polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 4 ШІЛДЕ - Әскери прокуратура органдары әскери мүлікті ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Әскери прокуратура органдарымен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр. Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн. теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Бас әскери прокуратурада.

 
Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады.
 
Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны