30.12.2022, 16:53 41316

Сот Қайрат Боранбаевты үйқамақта ұстаудан бас тартты

Сот Қайрат Боранбаевты үйқамақта ұстаудан бас тартты
Сурет: Pexels.com
Сотталушының денсаулығы сыр берген жағдайда қамау орнындағы медициналық бекетке жүгінуге құқылы

Астана. 30 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қайрат Боранбаевтың адвокаты қорғаушысын үйқамақта ұстауды ұсынды. Сот ұсыныстан бас тартты.
 

Қатысушылардың пікірін тыңдағаннан кейін сот келесі қорытындыға келді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 153-бабына сәйкес, қажеттілік болмаған кезде немесе аталған кодекстің 136, 138-баптарында көзделгендей мән-жай өзгерген кезде бұлтартпау шарасы жойылады. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен Боранбаев пен Нахановқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларына санкция жарияланды", - деді №2 Сарыарқа сотының судьясы Назгүл Бапақова.

 
Оның айтуынша, Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысы жоғарыда аталған қаулы өзгеріссіз қалдырды.
 

Қорғаушылардың өтінішінде баяндалған дәлелдер бойынша Боранбаев пен Нахановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз жоқ. Сотталушының денсаулығы сыр берген жағдайда қамау орнындағы медициналық бекетке жүгінуге құқылы. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 147-бабы 1-бөлігіне сәйкес күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы ретінде судьяның санкциясымен және қылмыс жасауда заңмен 5 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген сотталушыларға қатысты ғана қолданылады", - деп атап өтті судья.

 

Сот қылмыстық-процестік кодекстің 324, 344 баптарын басшылыққа ала отырып, Боранбаев пен Нахановты қамауда ұстауды өзгерту туралы өтінішті орындаудан бас тартуды қаулы етті", - деп толықтырды Н. Бапақова.

 
Еске салсақ, жуырда Қаржылық мониторинг агенттігі "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және "Qazaq Gaz" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтады. Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылуда.
 
Бұған дейін агенттік Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамаған болатын.
 
Қазіргі уақытта ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар неғұрлым резонанстық істерді тергеп-тексеру ерекше бақылауда.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны