09.11.2022, 14:41 13846

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы 9 қылмыс анықталды

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы 9 қылмыс анықталды
Сурет: Polisia.kz
Түркістан. 9 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Түркістан облысында экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 10 айында экстремистік-террористік бағыттағы 9 қылмысты анықтады.
 

Оның ішінде ҚР ҚК-нің 405-бабы (Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу) бойынша 5 іс тіркелген. Ал ҚР ҚК-нің 174-бабымен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) төрт жайт анықталды", - деп хабарлайды Polisia.kz.

 
Оған қоса полицейлер заңсыз жұмыс істеп тұрған үш намазхананы анықтап, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
 
Ал жүргізілген рейдтік іс-шара барысында экстремистік құқық бұзушылықтың алты дерегі бойынша 428 діни әдебиет алынды. Жергілікті құрылымдармен деструктивті діни ағымдарының ұстанушылары жасаған жалпы 846 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті шара қолданылды.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны