09.03.2023, 15:39 31181

Түркістан облысының прокуроры қайтыс болды

Марат Әлиханов жүрек талмасынан жұмыс кабинетінде қайтыс болды
Түркістан облысының прокуроры қайтыс болды
Сурет: Otyrar.kz
Түркістан. 10 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
 
Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылы 9 наурыз күні Түркістан облысының прокуроры Алиханов Марат Тлеуқабылұлы жұмыс орнында мезгілсіз қайтыс болды.
 
Марат Алиханов құқық қорғау органдарында 34 жылдан астам қызмет атқарған.
 
3-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі.
 

Жұмысында абыройлы, ұжымында дәрежесі зор азамат ретінде есте қалды. Марқұмның артында аяулы әйелі, ұл қыздары қалды", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны