22.06.2021, 18:18 19594

Түркістан облысының тауларында жоғалған жеті туристің соңғы мәйіті табылды

ТҮРКІСТАН. 22 МАУСЫМ - Ағымдағы жылдың мамыр айында Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен жас жігіттің мәйітін құтқарушылар тапты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

 
Мүрдені тасымалдау үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады.
 

Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікүшақ жұмылдырылды", - деп нақтылады ТЖМ өкілі.

 
Естеріңізге сала кетейік, 21 мамыр күні жеті турист жаяу жүріп Түркістан облысындағы Сары-Айғыр шатқалына аттанды. Олар 24 мамырда оралуы керек еді. Төле би ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында олардың жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамырда келіп түсті. 28 мамырда Қазавиақұтқару тікұшағымен әуе арқылы ұшу барысында құтқарушылар жоғалған жеті туристің үшеуін тапты. Олар сәтті эвакуацияланды, жастардың жағдайы қанағаттанарлық. Туристердің айтуынша, олар екі топқа бөлінген. 29 мамырда екі турист қайтыс болды. Науқанның тағы бір қатысушысының денесі 13 маусымда табылды. Бүгін соңғы - жетінші туристтің денесі табылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны