09.02.2023, 10:34 24621

Теңізде цистерна жарылысынан жұмысшы қаза тапты

Тағы бір 30 жастағы жұмысшы жарақат алды
Теңізде цистерна жарылысынан жұмысшы қаза тапты
Атырау. 9 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 8 ақпанда Теңіз кенішінде "вакуум" цистернасы жарылып, жұмысшы қаза тапты, тағы біреуі зардап шекті.

8 ақпанда күндіз Теңіз кенішінде адам өліміне әкелген қайғылы оқиға болды. "WEST DALA" компаниясына тиесілі "вакуум" цистернасы жарылып, 37 жастағы жұмысшы қаза тауып, 30 жастағы екінші жұмысшы жарақат алды", - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.


Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі ("Адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстанда өндірісте 200-ден астам адам қаза тапты.

Ақпарат көзі: azh.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны