09.08.2022, 16:52 19941

Үтік басумен азапталды: қаңтар оқиғалары кезінде ұсталған 23 адамға азаптауды қолдану дәлелденді

Үтік басумен азапталды: қаңтар оқиғалары кезінде ұсталған 23 адамға азаптауды қолдану дәлелденді
Сурет: facebook/Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 9 ТАМЫЗ - Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтікпен күйдіріп азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді", - деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

 
Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері.
 
2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны