13.09.2021, 17:16 13380

Турист Алматы тауларындағы жартастан құлады

АЛМАТЫ. 13 ҚЫРКҮЙЕК - Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Үлкен Алматы шыңы бағытында зардап шеккен туристті эвакуациялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құтқарушыларға зардап шеккен адам туралы ақпарат 11 қыркүйекте келіп түскен. ТЖД жедел кезекшісінің айтуынша, Үлкен Алматы шыңы ауданында турист құлап, екі аяғын жарақаттаған.
 

Республикалық жедел құтқару жасағының (РЖҚЖ) жедел тобы дереу оқиға орнына шықты. Құтқарушылар жедел автокөлікпен космостанцияға дейін жетіп, одан әрі жаяу барды. Біраздан соң Проходное шатқалы арқылы зардап шегушіге көмектесуге тағы бір жедел топты іске қосу туралы шешім қабылданды. Ер адам 12 қыркүйекте таңғы сағат 5-те табылды. Оның қасында тағы 2 адамның бары анықталды және олар жартасты жерде болған. Туристер Үлкен Алматы шыңына бағыт алған. Қараңғы түскенше шыңға жетіп үлгермейтіндігін түсінген туристер кері қайтады. Қайтар жолды қысқартқысы келген туристер келген бағыттарынан тайып кеткен. Нәтижесінде олар қауіпті әрі тік жарға тап болған. Ал туристердің бірі 5 метрлік жардан құлап, екі аяғынан жарақат алған", - деп хабарлады "ҚР ТЖМ РЖҚЖ" ММ баспасөз қызметі.

 
Құтқарылған ер адамға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық, дегенмен ауырлық тигізді. Көтерілуге қиын тау шатқалынан бөлек, межелі жерге жетуге ауа-райы да әсер етті. Сол сәтте қатты желмен қоса жаңбыр аралас қар жауды. Жәбірленушіні зембілмен ұзақ уақыт тасымалдау мүмкін болмаған соң әуе кемесі "Қазавиақұтқару" мекемесінің мамандарына жүгіну туралы шешім қабылданды.
 
Құтқарушылар ер адамды тікұшаққа дейін апарды, одан әрі зардап шегуші медицина және апаттар орталығына жеткізілді.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны