24.02.2025, 12:31 556

ТЖМ құтқарушылары өрттен 15 газ баллонды алып шықты

ТЖМ құтқарушылары өрттен 15 газ баллонды алып шықты
ТЖМ құтқарушылары өрттен 15 газ баллонды алып шықты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Бүгін Тараз қаласындағы пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт оқиғасы орын алды. От 15 шаршы метр алаңды шарпыды .

Өрт сөндірушілер жедел түрде оқиға орнына жетіп, 100 литрлік 15 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, өрттің таралуына жол бермей, толығымен сөндірді.

Өрт салдарынан жану өнімдерімен уланған 1972 жылы туған ер адамға Апатттар медицина орталығының мамандары көмек көрсетті. Зардап шегуші ауруханаға жатудан бас тартты
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны