06.01.2023, 11:47 35886

Қылмыс әлемінің серкесі Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды

Қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды
Алматы. 6 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды.
 

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

 
Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің "беделдісі" Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
 
Кейін ҚР Бас прокуратурасы "Дикий Арманның" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.
 
Бас прокурор Берік Асылов кеше Мәжіліс отырысында мәлім еткендей, тергеу версиясы бойынша Алматыда Жұмагелдиев (лақап аты "Дикий Арман") ерекше рөл атқарған", оның әрекетін ҰҚК-дегі кураторы үйлестіргені анықталды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны