17.05.2022, 16:15 16446

Қырғызстаннан Қазақстанға танымал брендтердің мыңнан астам спорттық киімдерін әкелуге тырысты

Анықталған тауарға келтірілген шығынның жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады.
ТАРАЗ. 17 МАМЫР - Тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінде қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған Volvo автокөлігін шекаралық бақылау бекетінде тексеру кезінде "Рuma", "Adidas", "Philipp Plein", "Reebok", "Nike", "Jordan", "New Balance", "Fila", "Balenciaga" сияқты әртүрлі маркадағы 1000-нан астам спорттық киімдер табылды", - деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

 
Тауардың жоғарыда аталған брендтерге қатыстылығын анықтау және залалды бағалау үшін "Рuma" корпорациясының өкілі "IP Choice" заң компаниясы" ЖШС тартылды.
 

Сарапшының қорытындысына сәйкес, анықталған тауарға келтірілген шығынның жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады", - деп толықтырды ведомствода.

 
Қазіргі таңда қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны