Қызылорда ойын-сауық орталығында газ жарылысы болды
2021 жылғы 19 шілдеде 07 сағат 20 минутта Қызылорда қаласындағы ойын-сауық орталықтардың бірінде жарылыс болды. Оның салдарынан орталық жанындағы ағаш сарай мен көлемі 50 шаршы метр болатын бастырма (навес) құлады. Сондай-ақ Жеңіс көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің терезелері де зақымдалды", - деп хабарлады Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметінде.
Өрт сөндіру қызметінің бірінші бөлімшесі оқиға орнына жергілікті уақытпен 07 сағат 24 минутта жетіп, барлау жұмысын жасап, өрт сөндіру жұмыстарына кіріскен. Газ жарылысының салдарынан өрт шықты. Өрттен аумағы 200 шаршы метр құрайтын балаларға арналған ойын-сауық орталығының бірінші қабаты жанып кетті.
Өрт жергілікті уақыт 07 сағат 44 минутта оқшауланып, 08 сағат 15 минутта толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт шығуының алдын ала себебі табиғи газдың ашық қалуы (ағуы).
Өртті сөндіруге Қызылорда облысы ТЖ департаментінің (48 қызметкер және 12 бірлік техника), Полиция департаментінің (8 қызметкер және 3 бірлік техника), Медициналық жедел-жәрдем бригадасының (9 қызметкер және 3 бірлік техника), "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның (2 қызметкер және 1 бірлік техника), "КРЭК"АҚ-ның(2 қызметкер және 1 бірлік техника) күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.