17.04.2023, 13:06 30716

Жаңаөзендегі жарылыс: қылмыстық іс қозғалды

Жаңаөзендегі жарылыс: қылмыстық іс қозғалды
Сурет: gov.kz
Қазіргі уақытта барлық адам үйінділерден шығарылды

Жаңаөзен. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ баллонының жарылуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төтенше жағдай орнында ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қайтыс болғандар саны 4 адам болды.

Бұл жерде ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді, жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ауруханаға жатқызылғандардың барлығы травматология бөлімшесінде ем алады. Ал жағдайы ауыр тұрғындар жансақтау және қарқынды терапия анестезиология бөлімшесіне, бір пациент облыстық ауруханаға жедел авиациялық тікұшақпен жеткізіледі.

Қайтыс болған азаматтардың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі, жаңа тұрғын үй беріледі. Апаттық жұмыстарға көмек көрсеткен еріктілер мен қала тұрғындарына алғыс айтамын. Қазіргі уақытта барлық адам үйінділерден шығарылды", - деді Нұрлан Ноғаев.


Үйінділерді тазарту жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылысы орын алды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.).

Қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесін алып шықты.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны