01.02.2023, 14:04 24366

Жамбыл облысында қару сақталған екі жасырын орын табылды

Жасырын орындарда, соның ішінде қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақ болған
Жамбыл облысында қару сақталған екі жасырын орын табылды
Сурет: Polisia.kz
Тараз. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Тараз қаласы 2-ПБ полиция қызметкерлері мен ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген іздестіру жұмыстары нәтижесінде қаладағы өртеніп кеткен ескі гараждардың бірінен қапқа оралған қарулар мен оқ-дәрілер табылды.

Аталған орыннан тіркелген және криминалды қару есебінде жоқ калибрі 16 мм бір ауызды тегіс ұңғылы ИЖ-3К аңшы мылтығы, қаңтар оқиғасы кезінде ПД ғимаратынан ұрланған калибрі 9 мм Макаров тапаншасы, дыбысты граната, калибрі 9 мм 151 дана оқ-дәрі алынды", - деп хабарлайды Polisia.kz.


Сондай-ақ, Жуалы аудандық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан ескі бос ғимарат ішінен қапшыққа салынып, жасырылған қарулар анықталды.

Polisia.kz

Қапшықтан тегіс ұңғылы 16-калибрлі қос ауызды ТОЗ нөмері өшірілген шолақ мылтық және 5,45-калибрлі 15 дана оқ-дәрі табылды. Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", - деп атап өтті полиция.


Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2 және 3-бөлігімен ("Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, жасау, беру, сақтау") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны