23.11.2021, 20:01 91625

Жамбыл облысында офицер өз-өзіне қол жұмсады

Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды.
Жамбыл облысында офицер өз-өзіне қол жұмсады
Сурет: www.gov.kz
ТАРАЗ. 23 ҚАРАША - Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері өзіне қол салды.
 
Ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі растады.
 

Биыл 22 қарашада Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері А. өзіне қол салды. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне қарай өзге ақпарат жарияланбайды", - деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

 
Айта кетейік, Гвардейск гарнизоны Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Отар ауылдық округінде орналасқан. Бүгін WhatsApp арқылы тараған ақпаратта 1997 жылы дүниеге келген офицердің жүрек тұсынан оқ атып мерт болғаны, рота командирінің орынбасары лауазымында қызмет еткені айтылады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны