27.08.2021, 18:49 9580

Жамбыл облысындағы жарылыстар: зардап шеккен алты адамның жағдайы ауыр

27-тамыз 08.00 сағаттағы жағдай бойынша 28 адам ауруханада ем қабылдаса, оның ішінде 6 адам ауыр халде.
ТАРАЗ. 27 ТАМЫЗ - Жамбыл облысында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен алты адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

27-тамыз 08.00 сағаттағы жағдай бойынша 28 адам ауруханада ем қабылдаса, оның ішінде 6 адам ауыр халде", - деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігінде.

 
Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған. Қосымша 1 000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған.
 
Жедел медициналық көмек көрсету үшін 37 жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде 3 медициналық авиациялық бригада тартылған. Оның ішінде 1 бригада Тараз қаласындағы №5 мектепте кезекшілік етеді, Тараз политехникалық колледжінде 1 бригада, онда Байзақ ауданы, Базарбай ауылынан бұған дейін 226 адам эвакуацияланған болатын. 
 
27-тамыз 08.00 сағаттағы жағдай бойынша эвакуация орталықтарында жалпы 171 адам қалып отыр, оларға қажетті жағдай жасалып, таңғы ас берілді. 
 
Травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог және басқаларды қосқанда 32 дәрігер, 56 фельдшер қызмет атқаруда. Олар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. 
 
Жамбыл облысының бірыңғай диспетчерлік 109 қызметіне барлығы 473 өтініш келіп түскен. "109" қысқа номеріне – 265 өтініш, "What`s app" мессенджеріне – 190 өтініш келіп түскен. 
 
Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды. 
 
Аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін: 
 
- 109 телефон нөмірі; 
 
- 8-778- 810-91-09 WhatsApp желісі арнайы іске қосылды. 
 
Сонымен қатар, 8 (7262) 51-41-67, 8 (7262) 51-37-75 телефон нөмірлері арқылы жедел желіге хабарласуға болады. 
 
Қорғаныс министрлігінде Жамбыл облысындағы оқ-дәрілері бар әскери қоймадағы жарылыстың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны