31.01.2022, 16:12 18501

Жамбыл облысының тұрғыны қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде NurOtan ғимаратын өртегені үшін ұсталды

Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеуде жүрген Жамбыл облысының тұрғыны, 5 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би кентінде Nur Otan партиясының әкімшілік ғимаратын өртеуге қатысқан азамат ұсталды.
Жамбыл облысының тұрғыны қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде NurOtan ғимаратын өртегені үшін ұсталды
Сурет: facebook/Адиль Каукенов
НҰР-СҰЛТАН. 31 ҚАҢТАР - Қаңтар оқиғаларынан кейінгі "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасында 4 мыңнан астам қылмыс ашылды.
 
Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі 19 қаңтарда төтенше жағдай режимі жойылған соң, еліміздің барлық өңірлерінде "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтетінін жариялаған еді. 

Мәселен, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан сондай-ақ қызметкерлер мен әскери қызметшілерге қарсы қылмыс құралы болған металл арматура таратқан Алматы қаласы мен Алматы облысының алты тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеуде жүрген Жамбыл облысының тұрғыны, 5 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би кентінде Nur Otan партиясының әкімшілік ғимаратын өртеуге қатысқан азамат ұсталды", - деді Бағланбек Айтпаев.

 
Аталған шараны өткізу кезеңінде 4 мыңнан астам қылмыс тіркелген, оның ішінде 300-ден астамы қоғамдық орында және 80-і көшелерде жасалған. 
 

Әсіресе ең көп қылмыс Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында жасалған. 2 700-ден астам қылмыс "ізін суытпай" ашылды", - деді ҚР Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Бағланбек Айтпаев министрлікте өткен брифингте. 

 
Мысалы, спикердің айтуынша, 19 қаңтарда Ақтөбеде полиция қызметкерлері бұрын сотталған екі азаматты "ізін суытпай" ұстады. 
 
Олар түнде медициналық бетперде киіп "Qazaq Oil" жанармай құю станциясына барып, жанармай құюшы мен кассирді пышақпен және балғамен қорқытқан және 100 мың теңгеден астам ақша мен ұялы телефонды алып кеткен. 
 
21 қаңтарда ШҚО Үржар ауданы Бақты ауылының шетінде карабинмен жеке кәсіпкерді атып өлтірген тұрғын ұсталды. 
 
Министрлік өкілі хабарлағандай, бұрын жасалған 700-ден астам қылмыс, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар да ашылған. 
 
Іздеуде жүрген 107 қылмыскер ұсталған. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны