03.03.2023, 08:52 23981

Жетісу облысында қару-жарақ жасырылған бірнеше орын табылды

Сараптамалар тағайындалды
Жетісу облысында қару-жарақ жасырылған бірнеше орын табылды
Сурет: Polisia.kz
Талдықорған. 3 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Жетісу облысында қару-жарақ жасырылған үш орын анықталды.

 "Қару" профилактикалық іс-шарасы барысында үш күн ішінде Жетісу полицейлері заңсыз айналымнан атыс қаруының арсеналын, соның ішінде тапанша, аңшылық және шолақ мылтықтарды, жарық-дыбыстық граната және түрлі калибрлі патрондарды тәркіледі. Жасырын орын облыстың үш ауданында табылды.

Сонымен қатар үш қала тұрғынынан қару тәркіленді.

Polisia.kz

Ақсу ауданындағы Таусамалы кентінің маңында, қараусыз қалған жанармай құю станциясында жабдықталған жасырын орында тапанша, ал Ескелді ауданы, Шымыр ауылының жанындағы саяжай учаскесінде оқ-дәрілер сақталған жасырын қойма табылды, онда қираған үйлердің үйінді астынан жарық-дыбыстық граната мен 50-ден астам оқ-дәрі салынған полиэтилен пакеті табылды. Сондай-ақ жеке үйде Сарқан қаласының тұрғынынан шолақ мылтық тәркіленді. Талдықорған қаласында белгісіз маркалы газ тапаншасын алып жүрген жас жігіт ұсталды. Текелі қаласы мен Кербұлақ ауданында жергілікті тұрғындардан заңсыз сақталған екі аңшылық мылтық тәркіленді", - деді Жетісу облысы ПД КПБ бастығы Қайрат Журунов.


Polisia.kz

Қару мен оқ-дәрілерді тәркілеудің барлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабында (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) көзделген қылмыстық іс қозғалды.

Сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Алматы облысында қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ табылғаны хабарланған болатын.

Ақпан айының соңында Алматыда қарудың заңсыз айналымы арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізілді.

Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны