19.07.2024, 15:13 28981

Сианьде "Орталық Азия - Қытай" Хатшылығының қызметі бойынша консультациялар өтті

Сианьде "Орталық Азия - Қытай" Хатшылығының қызметі бойынша консультациялар өтті
Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры Ерғалым Нұрсәлімұлы бастаған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің делегациясы "Орталық Азия - Қытай" форматындағы Хатшылығының қызметі бойынша 4-ші консультацияларға қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен. Аталған іс-шараға Орталық Азия елдері және ҚХР дипломаттары қатысты. Консультациялар барысында тараптар көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды талқылады. Іс-шараның негізгі күн тәртібі 2024 жылғы 30 наурызда ашылу салтанаты өткен "ОА - ҚХР" форматындағы Хатшылықты құру жөніндегі құжаттарды келістіру мәселелерін қамтыды. Сонымен қатар аталған іс-шара аясында Шэньси провинциясының вице-губернаторы Чэнь Чуньцзянмен кездесу өтіп, осы форматтағы өзара іс-қимыл келешегі туралы пікір алмасылды. Келіссөздер дәстүрлі достық және іскерлік атмосферада өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны