28.03.2025, 12:02 13606
Тоқаев Еуропалық Комиссияның вице-президентімен кездесті
Қазақстан Президенті Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі - Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде Қазақстанның Еуропа Одағымен санқырлы ықпалдастығының перспективасы талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарына, атап айтқанда, энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуды көздейтін ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше мән берілді.
Кая Калластың айтуынша, Қазақстан Еуропа Одағымен серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған аймақтағы алғашқы елдердің бірі. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Ол Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімді бекіту үдерісі басталғанын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы қазақстандықтар аталған жаңалықты өте жылы қабылдағанын атап өтіп, бұл қадам еуропалық елдермен жеке және іскерлік қатынастарды нығайтуға мол мүмкіндік беретінін айтты.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кая Каллас халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы жаһандық тұрақсыздықты ескере отырып, әлемде болып жатқан күрделі оқиғаларға баға беруде байыптылық пен жауапкершілік танытудың айрықша маңызға ие екеніне тоқталды. Президенттің пікірінше, Қазақстан барлық өзекті халықаралық мәселелер мен қақтығыстарды дипломатиялық келіссөздер арқылы шешуді берік ұстанады.
Кездесуде сондай-ақ "Орталық Азия - Еуропа Одағы" форматындағы ықпалдастықтың жай-күйі қаралды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
31.03.2025, 18:46 3651
Қазақстан президенті мен Пәкістан премьер-министрі екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады.
Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.
Сонымен қатар экономикалық кооперацияның, әсіресе, көлік-логистика және инвестиция бағытындағы ықпалдастықтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану маңызды екені атап өтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2025, 16:41 15981
Мемлекет басшысы Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады
Мемлекет басшысы Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел президенттерінің былтыр Қазақстан мен Арменияға жасаған сапарлары өзара қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.
Сіздің Астанаға алғашқы ресми сапарыңыз екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту тұрғысынан маңызды. Біздің армян халқы мен Сіздің мемлекетке деген құрметіміз бөлек", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Бейбітшілік туралы келісім жобасы бойынша келіссөздердің аяқталып, Ереван мен Баку арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынастың жандануын қолдайтынын жеткізді. Президенттің пікірінше, бұл айтулы оқиға Армения мен Әзербайжан арасында бейбіт келісім орнатуға негіз қалап, аймақтың Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығын белсенді түрде дамытуға, сондай-ақ қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.
Өз кезегінде Арменияның Сыртқы істер министрі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.
Біз Сіздің екі ел арасындағы ықпалдастыққа қатысты ұстанымыңызды қолдаймыз", - деді Арарат Мирзоян.
Ол Армения мен Қазақстанның Сыртқы істер министрліктері және басқа да ведомстволары Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Ереванға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланысты ілгерілету перспективасы қарастырылды. Қазақстан Президенті отандық бизнес өкілдерінің Арменияға тауар тасымалын 350 миллион долларға дейін ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.03.2025, 15:04 17821
Тоқаев Қазақстанның "біртұтас Қытай" саясатына бейіл екенін растады
Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта да осы бағыттан айнымайтынын атап өтті.
- Бүгінде біздің берік байланыстарымыз мәңгі достық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген өзара тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісі саналады. Біз ҚХР-мен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ Қазақстан тарапынан жан-жақты ынтымақтастықты нығайту үшін барлық қажетті шара қабылданады. Сонымен қатар мен Қытай Компартиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзамен достығымды өте жоғары бағалаймын, - деді Мемлекет басшысы.
Президент маусым айында екінші "Орталық Азия - Қытай" саммитіне қатысу үшін Астанаға келетін ҚХР Төрағасының сапары аясында стратегиялық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері айқындалатынына сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытайдың көпжақты құрылымдар аясындағы көзқарастары ұқсас екенін атап өтіп, Төраға Си Цзиньпиннің халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына сай әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыруды көздейтін жаһандық бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің "біртұтас Қытай" саясатына бейіл екенін растады.
Өз кезегінде Лю Цзяньчао Мемлекет басшысына Төраға Си Цзиньпиннің ыстық ықыласын жеткізді. Оның айтуынша, Қытай Қазақстанды стратегиялық тұрғыдан маңызды серіктес ретінде қарастырады және қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты әріптестігін тереңдетуге ерекше мән береді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің тауар айналымын ұлғайтып, көлік-логистика, энергетика және жасанды интеллектіні дамыту салаларында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға орасан зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.03.2025, 10:18 30661
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды.
✔️Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаларды Украина бойынша "Бейбітшілік формуласын" әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.03.2025, 17:44 32486
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөй
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың деңгейіне толық сай келетінін жеткізді.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады. Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 15:51 43371
Қазақстан СІМ басшысы мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.
Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 15:17 45991
Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді. Президент мейманға ілтипат білдіре отырып, сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі нығайту тұрғысынан бұл кездесудің маңызын атап өтті.
Сіздің сапарыңыздың бауырлас Әзербайжан елімен ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілету тұрғысынан мәні зор. Біз үшін Әзербайжанмен қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Біз Сіздің еліңізді сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз", - деді Президент.
Өз кезегінде Әзербайжанның Сыртқы істер министрі дәстүрлі түрде қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Джейхун Байрамов орайлы сәтті пайдалана отырып, әзербайжандық әуе желісіне тиесілі ұшақтың Ақтаудағы апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстан тарапына Президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.
Кездесуде ауқымды стратегиялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар сауда, инвестиция, цифрландыру, көлік-транзит салаларындағы өзара ықпалдастықты одан әрі жандандыру перспективасы қарастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2025, 09:44 53981
Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ Орнықты даму орталығы құрылады
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Бұл - еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі.
Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктес мемлекеттерге ризашылық білдірді.
Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
01.04.2025, 09:34Қазақстанда 70-тен астам микроқаржы ұйымдары лицензиясынан айырылды 01.04.2025, 10:45 6526Жеңістің 80 жылдығы: Алматыда ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайы ашылады01.04.2025, 12:10 6296Тоқаев Словения президентін Астанадағы АХҚО қызметімен таныстырды01.04.2025, 10:38 6141Семей қаласында құрбыларын соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік жаза тағайындады01.04.2025, 13:13 6081Қазақстанда ірі су қоймаларынан су жіберу жалғасуда
27.03.2025, 16:34 92001Қазақстанда электр станцияларындағы жабдықтардың тозуы 56% жетеді27.03.2025, 16:32 86361ҚазАгроҚаржы лизингтің тағы бір жеңілдетілген бағдарламасын қайта іске қосты27.03.2025, 13:22 80516Су тасқынының мониторингі: министрлік су қоймаларынан су жіберуді жалғастыруда27.03.2025, 10:03 77976Қазақстанда қанша шетелдік еңбек қызметін жүзеге асырады28.03.2025, 19:49 76361Банкроттықтың қазақстандық моделі халықаралық сарапшылардың назарына ұсынылды
07.03.2025, 16:20 138551Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 135151Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді06.03.2025, 17:02 133511Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді20.03.2025, 17:49 121201Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 17:38 120096Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды