28.03.2025, 19:49 76301

Банкроттықтың қазақстандық моделі халықаралық сарапшылардың назарына ұсынылды

Банкроттықтың қазақстандық моделі халықаралық сарапшылардың назарына ұсынылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.

2025 жылғы 28 наурызда Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтің төрағалығымен "Парад Ассамблеясы" халықаралық дағдарысқа қарсы конгресінің өкілдерімен кездесу өткізілді.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және "Қазақстандық оңалту және банкроттық рәсімдеріндегі басқарушылар одағы" Өзін-өзі реттейтін ұйымның өкілдері қатысты.

Кездесу барысында банкроттықтың қазақстандық моделі таныстырылып, халықаралық сарапшылардың оң бағасын алды. Басты жетістіктер арасынан мына реформалар атап өтілді:

-оңалту және банкроттық рәсімдерінің әкімшісін дербес кәсіп ретінде анықтау;

-Қазақстанның банкроттық саласындағы халықаралық реттеушілер қауымдастығының мүшелігіне кіруі;

-банкроттық рәсімдерін цифрландыру, оның ішінде әкімші үшін жұмыс орнын құру;

-жеке тұлғалардың банкроттық институтын, сондай-ақ соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану мақсатында борышкер туралы ақпарат өңделетін 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базаларымен интеграцияланған "Qoldau" ақпараттық жүйесін енгізу.

Кездесу, ағымдағы жылдың 16-18 қыркүйегінде Алматы қаласында жоспарланған "Дағдарысқа қарсы басқару - шекарасыз" атты ұранымен өтетін "Парад Ассамблеясы" халықаралық дағдарысқа қарсы конгресіне дайындықтың басты кезеңі болды.

Конгрес шеңберінде ТМД елдерінің банкроттық жөніндегі сарапшылары дағдарысқа қарсы реттеу саласындағы үздік тәжірибені талқылайды. Қазақстандық тарап бұл диалог алаңын озық халықаралық тәжірибені және банкроттық саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдірудің маңызды мүмкіндігі ретінде қарастырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны