15.01.2025, 14:24 646

Тоқаев Италия премьерін Қазақстанға келуге шақырды

Тоқаев Италия премьерін Қазақстанға келуге шақырды
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны