13.09.2024, 13:06 39786
Тоқаев білім министріне балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.
Ғани Бейсембаев Президентке өткен жылы 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылғанын баяндады. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен. Жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарған.
Оқу-ағарту министрі тәрбие жұмыстары басым бағыттардың бірі болып қала беретінін айтты. "Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс" жалпыұлттық құндылықтарына негізделген "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы қолға алынды.
Мемлекет басшысына орта білім сапасын арттыру туралы айтылды. Мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілген. Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған.
Президентке техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобалар таныстырылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.01.2025, 13:25 2086
Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты
Достарға айту
Астана қаласындағы 38 мектеп-лицейінің 7 "Д" сынып оқушысы Бақтығали Ерланұлы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Әр нәрсеге қызығушылық танытып, қоғамдық ортаның тазалығына мән беріп жүретін елордалық оқушы үйдегі қоқыс жәшіктерін автоматтандырған. Яғни, жәшіктердің қақпақтары адам қолын жақындатқанда өздігінен ашылып, 5 секундтан кейін қайтадан жабылады.
Мен қоқыс салғыштардың қақпақтарын қолмен ашу дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі қақпақтағы көзге көрінбейтін микробтар адамның қолында қалып, ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Осылайша қақпағы өздігінен ашылатын етіп жасадым",- дейді оқушы Бақтығали Ерланұлы.
Болашақта тілші болуды армандайтын оқушы ғылыми жаңалықтарды зерттеп, оны жариялауды қазірден үйреніп жүргенін айтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 14:48 8801
Елордада мектепке дейінгі қызметтермен қамтуды арттыру үшін қосымша 2 200 жаңа ваучер бөлінді
Достарға айту
Ваучерлік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен реттеледі, олар ваучерлерді балалар арасында тарату тәртібін қатаң түрде реттейді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жеке ваучерді алу принципі кезекте тұрған өтініш нөміріне де, өтінішке қоса берілетін құжаттарға да байланысты.
Ал 2025 жылдың 8-10 қаңтары аралығында мектепке дейінгі қызметтермен қамтуды арттыру үшін қосымша 2 200 жаңа ваучер бөлінді.
Осыған орай, мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуды күткен ата-аналардан берілген ваучерге қызығушылықты жедел растау мүмкіндігін жіберіп алмау үшін ed24.kz мобильді қосымшасында келіп түскен хабарламаларды мұқият бақылауды сұраймыз.
Айта кетейік, талап етілмеген ваучерлер кезекте тұрған басқа тұлғаларға берілетінін және берілген ваучер бойынша жауап берілмеген өтініш одан әрі жойылуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:12 16381
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент, ең алдымен, Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
20 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан білім беру мекемесі 800 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 120 балаға есептелген. Мектеп халықаралық бакалавриат (IB) аккредитациясынан өткен. Бұл беделді бағдарлама үш бағытты қамтиды. Атап айтқанда, 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған бастауыш (Primary Years Programme, PYP), 11-ден 16 жасқа дейінгі балаларға есептелген орта (Middle Years Programme, MYP) және 16-19 жас аралығындағы ересек оқушыларға бейімдеген дипломдық оқу бағдарламасы (Diploma Programme, IB) бар.
Оқу кабинеттері әрбір оқушының алаңсыз білім алуына және қарым-қабілетін ашуына қолайлы жағдай жасайтын заманауи технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте футбол стадионы, теннис корты, шағын футбол алаңы және бассейн секілді спорт инфрақұрылымы қарастырылған.
Мемлекет басшысы Қазақстанда білім беру деңгейін арттырудың маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, жас буынның бәсекеге қабілетін шыңдауда әрі жан-жақты дамытуда осындай оқу орындары ерекше рөл атқаратынына назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2024, 11:55 27121
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Достарға айту
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.
Үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан қазіргі таңда белсенді салынып жатқан "Жас Өркен" шағын ауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100% толы мектепке дейінгі 3 мекеме жұмыс істейді.
Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып, балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен 3 мың бала кезекте тұр, олардың жартысы - 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар.
Бұған дейін Үкімет Атырау облысындағы Жамансор және Ұлытау өңіріндегі Манадыр ауылдарында мектептер, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешені және Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешені құрылысын аяқтауға арналған жобаларды іске асыру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 16:37 31206
Мұғалімдер шырша безендіруге заңсыз тартылған: Семейдің білім бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды
Достарға айту
Семей қаласындағы жағдай: мұғалімдердің заңсыз жұмысқа тартылуы тексерілді, деп хабарлайды Абай облысының білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Сенбі күні сағат 15:00-де облыс әкімінің төрағалығымен Семей қаласындағы болған жағдайға байланысты жедел жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында Білім басқармасына қызметтік тексеріс жүргізу, ал Денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккен мұғалімді тәулік бойы бақылауға алу тапсырылды.
Қызметтік тексеріс нәтижесінде Семей қаласындағы үш мектептің мұғалімдері жаңажылдық шыршаны безендіру жұмысына заңсыз тартылғаны анықталды. Олардың арасында №49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиев жарақат алған.
Бұл жағдай Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" заңына қайшы келеді, себебі педагогтерді өздерінің тікелей міндеттерінен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынған.
Қазіргі уақытта зардап шеккен мұғалімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл мәселе облыс басшылығының ерекше бақылауында.
Қызметтік тексеріс нәтижелері бойынша Семей қаласындағы үш мектептің директорына қатаң тәртіптік шара қолданылды. Қалалық білім бөлімі басшысы қызметінен босатылды.
Болашақта осындай жағдайларға жол бермеу мақсатында білім беру ұйымдарына заң талаптарын қатаң сақтау туралы тапсырма беріліп, бақылау күшейтіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 20:03 36126
Биылғы оқу жылының басынан "Жайлы мектеп" жобасы аясында 100 мыңнан астам оқушы орны қолданысқа берілді
Достарға айту
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Алматы облысының Қаскелең қаласы мен Кемертоған ауылында әрқайсысы 1500 орындық жаңа форматтағы екі мектеп, ал Түркістан облысында 2000 оқушыға арналған 1 жайлы мектеп ашылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жобаның негізгі бағыты - функционалды және қауіпсіз білім беру ортасын құру болып табылады. Бұл мектептерде:
- бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған;
- заманауи техникалық шешімдерді енгізу арқылы қауіпсіздік шаралары күшейтілген;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылған;
- заманауи пәндік кабинеттермен, зертханалармен жабдықталған.
Айта кетейік, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Алматы облысында 17 мың оқушы орнына арналған 7 мектеп салынды. Оқу жылының басынан бері елімізде 100 мыңнан астам орындық 41 жайлы мектеп пайдалануға берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 19:04 47976
Тамара Дүйсенова Қызылорда облысындағы білім және спорт саласы қызметкерлерімен кездесті
Достарға айту
Қызылорда облысына жұмыс сапары аясына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова өңірдің білім және спорт салаларының мамандарымен кездесті. Онда аталған бағыттар бойынша аймақты дамытудың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Вице-премьер балабақша меңгерушілерімен мектепке дейінгі білім беру мәселелері жөнінде кездесу өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы жүйедегі өзгерістер мен ваучерлік қаржыландыру тетігін енгізу мәселелері болды. Аталған механизм Қызылордада келер жылдың мамыр айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Аймақта бүгінде 49 880 балаға қызмет көрсететін 677 балабақша жұмыс істеп тұр.
Қаржы орталығы" АҚ басшысы Асқар Ибраимовтің мәлімдеуінше, ваучерлік қаржыландыру жүйесі Таразда сынақтан сәтті өтіп, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр. Таразда аталған ваучерлер 1,5 жастағы балаларға берілсе, ал Шыментте балабақша кезегі толығымен жаңарған. Келесі жылы бұл жүйе еліміздің барлық өңірінде енгізілмек.
Вице-премьер балабақша мен бастауыш сыныптардағы білім беру бағдарламаларын біріздендірудің маңыздылығын атап өтіп, бұл үдерісте балалардың жеке даму карталары рөлінің ерекше екенінбаса айтты. Аталған жаңашылдықтар "Баршаға қолжетімді сапалы білім" ұлттық баяндамасында қамтылған.
Сонымен қатар білім беру басқармасы басшылары мен мектеп директорларының қатысуымен "Мақсатты мектептер" жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша кездесу өтті. Аталған жоба алғашқы кезеңде 71 білім ошағын қамтиды, оның 63-і ауылда орналасқан. Жоба аясында әдістемелік қолдау, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу үдерісін жақсарту көзделген. Қазіргі уақытта әр мектеп үшін жеке даму жоспары әзірленген.
Тірек мектептер әлеуетін дамыту жобасы да өңірде іске асып келеді. Мәселен, Арал ауданындағы №62 мектеп-лицей "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, Білім беруді тұрақты дамыту қоры мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің көмегімен 250 млн теңгеге пәндік кабинеттерді жабдықтап, ұстаздары әдістемелік көмек алған. Білім ошағының директоры Жасұлан Айтжановтың сөзінше, қазірде 7 шағын жинақты мектептермен байланыс орнатылып, ұстаздар арасында тәжірибе алмасу процесі жолға қойылған. Айта кетейік, бүгінде аймақта 12 шағын жинақты білім ошағы бар.
Сондай-ақ вице-премьер техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Онда Президенттің Жұмысшы мамандықтары жылы туралы жариялағанын ескере отырып, ТжКБ жүйесін реформалауға қатысты мәселелер талқыланды. Тамара Дүйсенова колледждер өңір үшін кадр даярлаудың негізгі базасы болуға тиіс екеніне тоқталды.
Қазіргі таңда облыста 28 колледж бар, оларда 20 мыңнан астам студент білім алуда. Халықаралық оқыту стандандарттарын енгізіп жатқандары да бар. Мәселен, Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі "энергетика" бағытында халықаралық National Center for Construction Education & Research (NCCER) аккредиттеуден өтпек.
Халықаралық стандарт енгізу колледжіміз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып отыр. Түлек қолындағы бұл сертификат әлемнің 70 елінде мойындалған. Демек оқу бітірген студенттің жұмысқа орналасуы жеңілдейді. Жалпы елдегі колледждер трансформациясы аясындағы жұмыстар техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қолдауына ие болып отыр", - дейді колледж директоры Абайбек Жүнісов.
Вице-премьер Мемлекет басшысы елдегі білім сапасын арттыруға қатысты нақты міндеттер қойғанын, оны жүзеге асыру бағытында бірқатар іс-шара атқарылып жатқанын баса айтты.
Балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін 20 жыл бойы білім беру жүйесінде тәрбиеленеді. Біздің мақсат азаматтар үшін тұлғалық қасиеттерді дамытатын көпдеңгейлі, бірізді жүйе құру. Бұл ретте балабақша, мектеп, колледж, университет ұстаздарына артылар жауапкершілік жоғары", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Вице-премьер Қызылордадағы жаңа үстел теннисі орталығында болып, өңірдегі спорт ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесуде спорт саласындағы реформаларға, оның ішінде басқарудың вертикаль мәселелері, басым спорт түрлерін анықтау және өңірдің балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізуге басты назар аударылды. Енгізілгелі жатқан өзгерістер туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев баяндады.
Қазіргі уақытта ведомствода сала өкілдерімен консультациялар жүргізетін арнайы жұмыс тобы құрылған. Айтылған ұсыныстар мен ескертулер түпкілікті құжатты дайындау кезінде ескеріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2024, 17:19 51736
Президент №1 Хромтау орта мектебін аралап көрді
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің білім беру ісіндегі ерекшеліктерімен және оқушылардың зертханалық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке бұл оқу ордасы "Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдана отырып дамыту" пилоттық жобасына енгізілгені жөнінде ақпарат берілді.
Қанатқақты жоба шағын жинақты мектептерде цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасы мен оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында мұғалімдер қашықтан тәжірибе алмасады.
Мемлекет басшысы аталған білім ошағындағы және басқа да ауыл мектептеріндегі оқушылардың ашық сабағына онлайн-режимде қатысты.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев шалғай елді мекендерде тұратын балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін мектепке автобус сыйға тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.01.2025, 16:58Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты 09.01.2025, 17:13 1203362024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді10.01.2025, 16:10 992062024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды10.01.2025, 15:46 912062025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді10.01.2025, 15:57 91101Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
30.12.2024, 17:17 152406Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 146531Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 146246Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 145771Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 135681Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті