11.03.2021, 16:10 10475

СҚО-да медициналық жабдықтарды сатып алуға арналған сауда-саттық кезінде картельдік сөз байласу фактісі анықталды

"Гелика" ЖШС және "Аманат" ЖШС медициналық жабдықтарды сатып алу бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы келісім (картель) фактісі анықталды.
Нұр-Сұлтан. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Солтүстік Қазақстан облысында медициналық жабдықтарды сатып алуға арналған сауда-саттық кезінде картельдік сөз байласуды анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы Департамент жүргізген бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына тергеу нәтижелері бойынша "Гелика" ЖШС және "Аманат" ЖШС медициналық жабдықтарды сатып алу бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы келісім (картель) фактісі анықталды. Картельдік сөз байласу жолымен субъектілер тапсырыс беруші бөліп көрсеткен бағаға мөлшерлес белгілеу арқылы кезек-кезек көрінеу ұтылып қалатын ұсыныстарды ұсына отырып, "қиялдағы бәсекелестікті" құрды. Осылайша, субъектілер медициналық ұйымдармен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу үшін неғұрлым тиімді жағдайлар жасады. Істі қарай отырып, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар Департамент жинаған картельдік сөз байласудың дәлелдемелері жеткіліксіз деген қорытындыға келді, осы негізде шешімдерді нарық субъектілерінің пайдасына шығарды. Бұл ретте картельдің бар екендігін куәландыратын жанама дәлелдемелерге тиісті құқықтық баға берілмеген", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметінде.

 
Агенттіктің ақпараты бойынша, жоғарғы сотта іс материалдарын жанама (тікелей емес) дәлелдемелер жиынтығына зерделеп, жоғарыда аталған субъектілердің әрекеттерінде монополияға қарсы бұзушылық – картельдік сөз байласу фактісі дәлелденді деген қорытындыға келді. Жоғарғы соттың қаулысымен бірінші және апелляциялық инстанция соттарының шешімдері жойылды.
 

Осылайша, тергеу нәтижелері бойынша "Гелика" ЖШС атына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды тоқтату және жою туралы нұсқама енгізілді, сондай-ақ әкімшілік іс қозғалды. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1 741 369 теңге көлемінде айыппұл салып, 3 402 758 теңге монополиялық табысты тәркіледі. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Шығарылған ұйғарым орындалды", - деп нақтылады ведомствода.

 
Бұған дейін нан, жұмыртқа және күнбағыс майын өндірушілерді бағалық сөз байласуға тексеру туралы хабарланған болатын. Жылжымайтын мүлік нарығы да тексерілуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны